Соңғы жаңалықтар

Дәрігерлердің неліктен шұбалаңқы жазатыны белгілі болды

Жазу – адам мінезінен хабар береді дейді психолог мамандар. Бала мектепке барып қолына қалам алған сәттен бастап оның өзіндік, ешкімге ұқсамайтын жазуы қалыптасады. Және ол өзгермейді.

Түрлі мамандық иелерінің арасында өнерге жақын, әсіресе, ақын-жазушылардың жазуы көркем болып келеді.  Ал дәрігерлердің жазуы  тіптен ерекше. Ерекшелігі сол шимай-шатпақ, әйтеуір шұбалаңқы сызықтар. Ақ халаттылардың жазуын оқи алмай әлек болатынымыз содан. Жазып берген дәрі-дәрмегін дәріханадағы мамандардан басқа ешкім түсінбейді. Дәрігерлердің қолының түсініксіз болуында қандай да бір құпия бар ма?

Дәрігердің жазу үлгісінің қалыптасуына бірнеше жағдай әсер етеді. Кейде медицина факультетінің студенттеріне жаның ашиды. Таңертеңнен кешке дейін сабақта отыратын болашақ дәрігерлерге лекциядан қалып кетуге болмайды. Іркілмейтін оқытушының оқығанын жазып үлгеруге тырысатын студенттердің шұбалаңқы жазулары осылай қалыптаса бастайды. 

Екіншіден, дәрігерлердің жұмысы өте қауырт. Ол бір уақытта алдына келген науқастың шағымын тыңдап, жағдайын бірсыпыра тексеріп, диагноз қойып, науқасқа кеңес беріп әрі медкартасына оның жағдайын жазып отыру тиіс. Мұның барлығына маманның 10-12 минут қана уақыты бар. 

Үшіншіден: дәрігерлік құпия және науқастың психологиясы деген ұғымдар бар. Мәселен науқастың диагнозы ауыр, дерті асқынған болса дәрігер оны алдымен жұмсартып, астарлап жеткізуге тырысады.  Пациенттің картасына  диагнозын жазарда әріптестерінен басқа ешкім түсінбейтіндей болуы керек. Кейбір адамдардың көңілі бос, жүйкесі сыр берген, күйзеліске бейім болып келеді. Осындай жандар диагнозын оқыған жағдайда бірден психологиялық күйзеліске ұшырауы мүмкін. Сондай-ақ пациенттің диагнозын бөтен біреудің білуі қажет емес. Алайда дәрігердің бірінші міндеті науқастың психологиясы емес тікелей аурумен күресуі.  Сондықтан оның пациенттен денсаулығы туралы шындықты жасырып қалуға құқы жоқ. Ақ халаттылардың жазуы жылдан-жылға, яғни жұмыс өтіліне байланысты түсініксіз бола береді екен. Тәжірибелі, ұзақ жыл медицинада қызмет еткен мамандардың жазуын оқу қиынға соғуының себебі осы. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек  ең түсініксіз жазатын  хирург пен терапевттер екен.  

Oinet.kz

Қатысты жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕС 3 БУЫНДЫ МОДЕЛЬДЕ ЖҰМЫС ІСТЕУДЕ

azatmedia

Жер жүзіне палуандықпен атын жайған… қазақтың Қажымұқаннан басқа кімі бар?

azatmedia

Біртанов туралы тың дерек шықты (Видео)

azatmedia

Пікір қалдыру