Шымкент цемент зауытының директоры Виталий Крайзер Ақбиік ауылының тұрғындарымен кездесіп, карантин кезіндегі жағдайларына қанағып, жағдайы төмен отбасы мүшелеріне 50 дана планшет сыйға тартты. Бұл демеушілік ғаламтор әр адам өмірінің маңызды бөлшегіне айналған заманда ауыл тұрғындары үшін таптырмас дүние, әсіресе, қашықтан оқыту кезінде мектеп жасындағы балаларға тиімді болды. Шымкент-Цемент зауытының басшысы демеушілік мұнымен шектеліп қалмайтынын, алдағы уақытта да барынша көмек көрсететін айтты. Кездесу барысында сөз алған аудандық білім бөлімінің басшысы Ержан Қадірбек осыдан біраз бұрын ауданымызда үкімет резервінің қорынан жағдайы төмен отбасы балаларына 5 планшет үлестірілгенін айтып, алдағы уақытта 10-11 сынып оқушылары үшін 15 компьютер және 40 ноутбук алу жоспарда барын жеткізді. Ержан Ізтайұлы Тұтқабай Иманбеков жалпы орта мектебінің директоры Иманбеков Нияз Әшімбайұлының мектеп оқушыларына 5 смартфон сыйға тартқанын айтып, оқушыларға көрсеткен көмегі үшін алғысын білдірді. Ержан Ізтайұлы сөз соңында көрсетіліп жатқан және алдағы уақытта көрсетілетін көмектің бәрі жастардың зейінінің ашыла түсуі үшін жасалынып жатқан дүние екендігін жеткізді.
Келесі жаңалық