Аудан орталығы Т.Рысқұлов ауылында алғашқылардың бірі болып мүмкімдігі шектеулі жандарға арналған шынығу залы ашылып отыр. Аталмыш ғимаратты 1-ші топтағы мүмкіндігі шектеулі жан Карима Сариева мемлекеттік грант қаржысына іске асырған. Ал, ғимараттың жөндеу жұмыстары аудан әкімдігінің ұйытқы болуымен демеушілер есебінен іске асқан. Спорт ғимаратының ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Б.Ахметов арнайы қатысып, ауданымыздың «әлжуаз» топтағы азаматтарын жаңа ғимараттарымен құттықтап қайтты.Бүгінгі таңда шынығу залы мемлекеттік-жекешелік әріптестікке өткізіліп, аудандық спорт бөлімінің теңгеріміне алынған. Бұл жерде шынығу құрылғыларынан бөлек шахмат, шашка, стол тенисі, тоғыз құмалақтан үйірмелер ашылған. Аталған үйірмелерді жүргізуге екі жаттықтырушы да жұмысқа алынып отыр. Ғимараттың ашылуына бар күш жігерін жұмсаған Карима Сариева өз сөзінде, «бұл менің көп жылдан бергі арманым еді, сондықтан ғимарат атауын «Арман» деп атасақ»- деген болатын, мүмкіндігі шектеулі ананың ұсынысы қабыл алынып, ғимаратқа «Арман» деген атау берілді.
Алдынғы жаңалық
Келесі жаңалық