Басты жаңалықтар

«Сенің ойыңды ешкім сұраған жоқ»: Оқушыға дөрекі сөз жазған ұстаздың басы бәлеге қалды

Мектеп 555

Azatmedia.kz. Жергілікті мектеп директоры шығармада өз ойын жазғаны үшін «үш» алған оқушы Владтан кешірім сұраған. Бұл туралы Znak.com басылымына бастапқыда баға туралы айтып, әлеуметтік желіні шулатқан Владтың әпкесі Анастасия Новисихина баяндап берді.

«Мұғалім түсініктеме жазатын болды. Ал анам мен інім әкімшілікке кетті. Директор кешірім сұрады», – дейді Анастасия.

Учитель в Ейске извинилась перед учеником за фразу, что его мнения никто не  спрашивал – Москва 24, 27.10.2020

«Медуза» басылымының мәліметінше, оқушы адамдар қолы босамағандықтан, «күздің кереметтерін байқауды» ұмытқанын жазған. Олар «жақсыны көруге тырыспайды, тек жаманды көреді» деген ол.

Ал мұғалім Владқа «үш» деген баға қойып, «Сенің ойыңды ешкім сұраған жоқ! Ол өте көп!» деп жазған.

Айта кетейік, бұған дейін Ақтөбе облысы Темір ауданы Кеңқияқ ауылында оқушылар арасындағы төбелеске қатысты істің жабылғанын хабарлаған едік. Төбелес кезінде миы шайқалған оқушы психологиялық күйзеліске түскен. Жасөспірімнің ата-анасы ендігі көмекті прокурор мен соттан сұрап отыр.

Қатысты жаңалықтар

Мейрамбек Беспаев: «Ақшаға қырылып қалған өзге ұлт көрмедім»

azatmedia

ТҮРКІСТАН ТӨРІНДЕ АРЫС ҚАЛАСЫНЫҢ МӘДЕНИ КҮНДЕРІ БАСТАЛДЫ

azatmedia

Еліміздегі орташа жалақы – 211 мың теңге

azatmedia

Пікір қалдыру