«СҚ-Фармация» қоймаларында коронавирустан емдейтін қордағы дәрінің 12 түрі жоқ. Бұл туралы «Астана – адалдық алаңы» жобасының жетекшісі Мирас Шекенов айтты, – деп хабарлайды Azatmedia.kz ақпараттық порталы Tengrinews.kz тілшісі.
Оның айтуынша, 26 қазанда «Астана – адалдық алаңы» жобасы аясында елордалық антикор қызметі, Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті, қалалық әкімдік, » ҚР «Фармацевтика қызметін қолдау және дамыту қауымдастығы» ЗТБ филиалының мамандары «СҚ-Фармация» ЖШС қоймаларындағы қорын тексерген.
Қазір 8,2 миллиард теңге тұратын дәрінің 44 түрін сатып алу процесі жүріп жатыр. Бұл ай ішінде 60 мың науқасты емдеуге көмектеседі. «СҚ-Фармацияның» мәліметінше, қорда 44 түрлі дәрі болу керек.
«Мониторинг тобы қоймада дәрінің 32 түрі сақталғанын анықтады. Қорда болуы тиіс 12 позиция жоқ, ал бес түрлі дәріні жеткізудің шарты мүлдем жоқ», – деді Мирас Шекенов.
«СҚ-Фармация» өкілі А. Салиевтің айтуынша қорда болуы тиіс дәрілік зат осы жылдың 20 қарашасына дейін жеткізілуі керек», – деді Шекенов.