Басты жаңалықтар

«Дәрігерлер басынан 4 оқ алды» ­– Талдықорғандағы төбелес

Талдықорған

Azatmedia.kz. Талдықорған қаласы ПБ Шығыс ҚПБ кезекші бөліміне бассейн ауданындағы төбелес туралы хабарлама түскен.

Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.

Оқиға орнына жеткен полицейлер жастар арасында төбелес болғанын анықтады. Басына оқ тиген 21 жастағы жергілікті тұрғын ауруханаға жеткізілген.

Аталған дерек ҚР ҚК 293-бабының 3-бөлігі 2-тармағы (Бұзақылық) бойынша тіркелді.

Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде  оқ атқан күдіктіні бір сағат ішінде анықтап, ұстады.

Талдықорған қаласының 18 жастағы тұрғынынан тәртіп сақшылары пневматикалық тапанша тәркіледі. Ол кінәсін толық мойындады.

Ұсталған адам оқты бұзақылық ниетпен атқанын және оған қатты өкінетінін жеткізді. Облыстық ауруханада дәрігерлер жәбірленушінің басынан төрт оқ алған.

Сот-медициналық және басқа да қажетті сараптамалар тағайындалды.

Қатысты жаңалықтар

4 млн теңге: парақор шенеуніктің ұсталған сәті ВИДЕОға түсіп қалды

azatmedia

Әйел бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен елді билейді – Тоқаев

azatmedia

Глава государства выступил на Третьей конференции Организации Объединенных Наций по развивающимся странам, не имеющим выхода к морю

azatmedia

Пікір қалдыру