Басты жаңалықтар

Мамандар телефоннан қандай программаларды өшіру керегін айтты

Уялы телефон программалар

Мамандар ұялы телефоннан қандай қосымшаларды өшіру керегін айтты, – деп хабарлайды Azatmedia.kz ақпараттық порталы тілшісі «Российская газета» басылымына сілтеме жасап. 

Avast компаниясының мәліметінше, Android платформасындағы 20-дан аса жиі қолданылатын қосымшаның мүмкіндігі толық көрсетілмеген.

«Олар смартфонды жарнамамен толтырады. Ондай бағдарламаларға Shoot Them, Crush Car, Rolling Scroll, Helicopter Attack – New, Assassin Legend – 2020 New, Helicopter Shoot, Rugby Pass, Flying Skateboard, Iron it, Shooting Run, Plant Monster, Find Hidden, Find 5 Differences – 2020 New, Rotate Shape, Jump Jump, Find the Differences – Puzzle Game, Sway Man, Desert Against, Money Destroyer, Cream Trip,  Props Rescue жатады», – делінген хабарламада.

Мамандардың айтуынша, мұндай қосымшалардың негізгі мақсаты – операциялық жүйеде жарнамаларды көрсету. Сондай-ақ, қосымшалардың белгілері телефонда көрінбеуі мүмкін. Сондықтан оларды смартфоннан өшіру қиын.

Қатысты жаңалықтар

Ауыздан шығатын жағымсыз иістің алдын алу жолдары

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БЕС ЖЫЛДА 100 МЕКТЕП БОЙ КӨТЕРДІ

azatmedia

Үкімет көмек беру үшін 390 млн теңге бөлді

azatmedia

Пікір қалдыру