Басты жаңалықтар

Жириновский: «Бұрын мен тұрған көшені менің атыма беру керек»

Жириновский

Ресей мемлекеттік думасының депутаты Владимир Жириновский Алматыдағы Масанчи көшесінің өз есімімен аталғанын қалайды. Бұл туралы депутат Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында айтып өтті, деп хабарлайды Azatmedia.kz ақпараттық порталы.

«Алматы мен үшін туған қалам болып қала береді. Өйткені мен сол жерде дүниеге келдім. Мектептегі ең қызықты күндерім де сол қалада өтті. Негізі мен 1946 жылы 25 сәуірде дүниеге келіп, 1964 жылдың 3 шілдесінде Алматыдан кеттім. Сондағы үйім әлі күнге дейін тұр. Масанчи 79–да тұрған едім. Бір кездері бұл көше Дүнген деп аталды, нөмірі де басқаша болған. (67, 3-пәтер) Бұл көшеге менің атымды бергенін қалаймын. Тіпті, мектепке де менің атымды беруге болады. Себебі мен Ресейден шыққан әлемдегі ең танымал саясаткермін. Қазақстаннан шыққан деуге де болатын шығар. Өйткені сол жақтың тумасымын», – дейді Жириновский.

Қатысты жаңалықтар

Бүгін Асқар Маминнің туған күні

azatmedia

Джеки Чанның жаңа фильмінің саундтрегін Димаш Құдайберген орындайды

azatmedia

Армения мен Әзербайжан соғысты тоқтату туралы келісімге қол қойды

azatmedia

Пікір қалдыру