Целиноград инженерлік-құрылыс институтын, Г.В. Плеханов атындағы Ресей экономикалық академиясын бітірген, мамандығы бойынша инженер-құрылысшы, экономист.
Еңбек жолын «Целинтяжстрой» тресінде монтажшы болып бастаған. Қазақстан инновациялық кәсіпорындар одағы директорының орынбасары лауазымында қызмет атқарған.
Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары (1996-2000), Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар вице-министрі (2000-2002), «Инком-Астана» ЖШС бас директоры (2002-2003), Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда бірінші вице-министрі (2003-2004), Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрі (2005-2006), Астана қаласының әкімі (2006-2008). 2008 – 2016 жылдары «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының президенті, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары (2016-2019) қызметтерін атқарды. 1998 жылы – «Ерен еңбегі үшін» медалімен, 2006 жылы – «Құрмет» орденімен, 2011 жылы – екінші дәрежелі «Барыс» орденімен, 2013 жылы – Француз Республикасының Құрметті легионы орденімен, 2014 жылы – Испания корольдігінің «Азаматтық еңбегі үшін» бірінші дәрежелі орденімен марапатталған. 2011 жылы – Астана қаласының Құрметті азаматы, 2012 жылы – Құрметті теміржолшы, 2013 жылы – Қазақстанның Құрметті құрылысшысы.
Марапаттары:
– «Ерен еңбегі үшін» (1998) медалі
– «Құрмет» ордені (2006)
– 2 дәрежелі «Барыс» ордені (2011)
– «Астанға 10 жыл» мерекелік медалі (2008)
– 3 дәрежелі Әулие Маниил Московский князі ордені (РПЦ, 2010) (Ресей Федерациясы)
– Құрмет легионы ордені (2013) (Француз Республикасы) – Мойындау кресті гранд-офицері (2013) (Латвия Республика)
– «Азаматтық қызметі үшін» орденінің үлкен кресті (2014) (Испания корольдігі)
– Астана қаласының Құрметті азаматы (2011)
– Құрметті теміржолшы (2012) – Қазақстанның құрметті құрылысшысы (2013)