Басты жаңалықтар

Экс-шенеунік көше сыпырып, қоқыс жинаудан құтылды

Экс-шенеунік

Павлодар облысының бұрынғы әкім, сотталған Болат Бақауов мәжбүрлі қоғамдық жұмыстан босатылды, деп хабарлайды Azatmedia.kz ақпараттық порталы КТК арнасына сілтеме жасап.

Бес ай бұрын мәжбүрлі қоғамдық жұмысқа тартылған Болат Бақауов енді одан босатылған. Өйткені жазаның бұл түрін сотталушылар ресми жұмыс орны болмаған жағдайда ғана өтейді.

«Сотталушы Павлодар қаласының пробация қызметінде есепте тұр. Заңға сәйкес, тұрақты жұмысы жоқ сотталушылар ғана мәжбүрлі еңбекке тартылады. Ал бұл азамат жұмысқа орналасқан», – деді Павлодар облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз хатшысы Гүлжан Әбдуғалиева

Болат Бақауов мамырда үш жарым жылға шартты түрде сотталған. Судья осы мерзім ішінде оның жыл сайын 100 сағатқа қоғамдық жұмысқа тартылатынын айтқан. Бірақ бір облысты басқарған Бақауов көше сыпыруды намыс көрді ме, тез арада жұмыс тауып алыпты.

49 жастағы экс-шенеунік қызметін асыра пайдаланғаны үшін істі болды. Ол туысының компаниясындағы мәселені шешіп бермек болған. Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысынан заңды 200 миллион теңге салықты жасырып, оны 3 миллион теңгеге қысқартуды сұрапты. Оның бұл өтініші орындалған.

 Бұрынғы шенеунік кінәсін мойындап, прокурормен процессуалдық келісімге келген болатын.

Қатысты жаңалықтар

Қазақтар Нью-Йорк қаласында митингке шықты

azatmedia

Танымал қазақстандық жұлдыздың биі жұртты шошытты

azatmedia

«Димаш өз дауысын осы деңгейде сақтай ма, жоқ па, оны уақыт көрсетеді» – Роза Рымбаева

azatmedia

Пікір қалдыру