Басты жаңалықтар

Қазақстанда бензин қымбаттауы мүмкін

Azatmedia.kz. Жыл соңына дейін АИ-92-нің литрі 170-180 теңгеге дейін өсуі ықтимал, – деп хабарлайды jasqazaq.kz.  

Сайттың хабарлауынша, мамандар АИ-92 бензинінің қымбаттауын акциз салығының көтерілуімен байланыстырады. 2025 жылы Еуразиялық экономикалық одақта мұнай өнімдерінің ортақ нарығы пайда болмақ. Ал оған дейін одақ елдерінің бағасындағы алшақтықты азайту керек. Бұл сол кезде ішкі нарықта тапшылық тудырмау үшін қажет екен.

Қазір бізде ірі шаһарларда АИ-92-нің литрі 150 теңгеден жоғары болып тұр. АИ-92 маркалы бензин Қарағандыда 152-156 теңгенің аралығында. Түркістанда 146-149 теңгенің шамасында. Павлодар аймағында бензиннің литрі 152-154 теңгеден. Таразда 148-152 теңгеден болып тұр. Ақтөбеде бензиннің литрі 156 теңгеден сатылуда. Өскеменде де баға Ақтөбедегідей. Қостанайда АИ-92 маркалы бензин 155 теңге. Талдықорғанда 152 теңгеден. Ақтауда 156 теңге шамасында. Бір жылда елде электр энергиясының тарифі 6,6 процентке қымбаттаған. Мұны Энерджипром.КЗ сайты жариялады. Баға Батыс Қазақстанда 1 жылдың ішінде шамамен 20 процентке, елордада 15 жарым процентке, Шымкентте 10 процентке өскен. Ал Ақмола облысында электр энергиясы керісінше 0,9 процентке арзандап отыр.

Жалпы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің дерегінше, биылғы қаңтар-тамызда елде 69,8 млрд кВт/сағат электр энергиясы өндірілген. Бұл былтырғы көлемнен 0,3 процентке артық. Павлодар, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстары электр энергиясын көп өндірді. Осы үш өңір елде өндірілген жалпы электр энергиясының 63,2 процентін берген екен.

Қатысты жаңалықтар

Ананың сәбиін сатуына не мәжбүрледі?

azatmedia

Қуат Хамитов: «Аспаннан тікұшақ көрсеңіздер, автоматпен атыңыздар»

azatmedia

Дариға Назарбаева саясатқа қайта орала ма?

azatmedia

Пікір қалдыру