ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының және 2020 жылғы қаңтар-қыркүйектегі республикалық бюджеттің атқарылуының қорытындылары қаралды, – деп хабарлайды Azatmedia.kz ақпараттық порталы ҚР Премьер-министрінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Экономиканың базалық салаларында қабылданып жатқан шаралардың арқасында осы жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша өсудің оң серпіні сақталған.
Салалар бойынша атап айтқанда, өңдеу өнеркәсібінде 3,3%-ға, оның ішінде фармацевтикада 39,8%-ға, дайын металл бұйымдарын өндіруде 18,9%-ға, машина жасауда 16,6%-ға, оның ішінде автомобиль жасауда 51,6%-ға, сондай-ақ қағаз өнімдері өндірісінде 15,1%-ға және жеңіл өнеркәсіпте 14,1%-ға өсім қамтамасыз етілген. Құрылыс көлемі 10,5%-ға, тұрғын үйді пайдалануға беру 9%-ға немесе шамамен 9,6 млн шаршы метрге ұлғайған. Ауыл шаруашылығында 5%-ға тұрақты өсім қамтамасыз етілді, жақсы өнім жиналған.