Соңғы жаңалықтар

Түркістан: Шарбұлақта облыстық ауылшаруашылық семинары өтті

Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы, Шарбұлақ ауылдық округіндегі «Сапа» ЖШС-да «Тәлімі жерде сүр танаптың алқабын қысқарту мен масақты дақылдарды тікелей егудің тиімділігі» атты облыстық семинар өтті, – деп хабарлайды Azatmedia.kz ақпараттық порталы.

Қазығұрт – ауыл шаруашылығы жақсы дамыған өңір. Аудандағы егістік жер көлемі 100 мың гектардан асып жығылады. Егін аяқталған соң жалпы егістік көлемі 88,6 мың гектар болып, өткен жылмен салыстырғанда 4102,4 гектарға артық орындалған. Ал астық егілген аумақ 47 257,5 гектарға жетіп, жалпы 116 089,5 тонна астық жиналған. Яғни, әр гектардан 24,5 центнер өнім алынды деген сөз. Ауданның ауылшаруашылық саласындағы басты артықшылығы – инновациялық технологияларды кеңінен қолдануында. Атап айтсақ, өңірде төрт жылдан бері нольдік технология қолданылуда. Мұның басты ерекшелігі – алдыңғы жылғы егістік алқапты жыртпай егін егуге болатындығында.

«Сапа – 2002» ЖШС 2019 жылы аталған агротехнологияны сапалы атқару мақсатында құны 12,4 миллион теңгеге бразилиялық дәнсепкіш сатып алған болатын. Шаруашылық биыл 1500 гектарға нольдік технологияны енгізген. Нәтижесінде әр гектардан 21 мың теңгеден үнемдеген. Осындай нәтижелі жұмыстан кейін өңірдегі «Үш бастау» ӨК, «Тілеуберді» және «Сапар» шаруа қожалықтары аталған дәнсепкішті сатып алып, іске қосқан.

10 қазанда өткен семинар барысында аталған технологияның артықшылығы мен пайдасы туралы айтылды. Бастысы, бұл технология шаруалар үшін аса маңызды уақыт пен қаржыны үнемдейді.

Өңір шаруашылықтары алдағы уақытта бидайдың өнімділігін 30 ц/га, мақсары өнімділігін 14 ц/га жеткізуді мақсат етіп отыр. Сонымен қатар майлы дақылдарды терең өңдеп, жоғары сұрыпты май өндіру арқылы экспорт көлемін де арттырмақ.

Қатысты жаңалықтар

ШЫМКЕНТ СТАЛ ПЕРВЫМ ГОРОДОМ В СТРАНЕ, ГДЕ ДОСТИГНУТО 50% ВАКЦИНАЦИИ НАСЕЛЕНИЯ

azatmedia

НЕГІЗГІ БАСЫМДЫҚ – БАЛАЛАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ

azatmedia

ШЫМКЕНТ ВАКЦИНАЛАУ ЖАҒЫНАН ЕЛІМІЗ БОЙЫНША КӨШБАСШЫЛАР ҚАТАРЫНДА ТҰР

azatmedia

Пікір қалдыру