Соңғы жаңалықтар

Коронавирустан емделу құны белгілі болды

АҚШ президенті Дональд Трамптың коронавирус инфекциясынан емделу құны белгілі болды, – деп хабарлайды Azatmedia.kz ақпараттық порталы.

Бұл туралы The New York Times жазады.

«Президенттен басқа кез-келген адам үшін емделу құны 100 мың доллардан асады», – деп түсіндірді журналистер. Шығындардың едәуір бөлігі терапиядан бөлек, тікұшақ транзиті мен вирусқа бірнеше рет тестілеу алу сынды қосымша қызметтерге кеткен.

Бұған дейін Трамп әрбір америкалықтың өзі секілді емделе алатынын мәлімдеген болатын. Сонымен қатар пациенттер «президенттік» емдеуге қажетті барлық дәрі-дәрмектерді тегін ала алатындығын да атап өткен.

7 қазанда АҚШ президентіне вирусқа қарсы антиденелер коктейлі дайындалғаны белгілі болды. Оны жасаумен Regeneron компаниясы айналысты. Джордж Мейсон университетінің жүйелік биология мектебінің профессоры Анча Баранова мұндай препараттар тиімді, бірақ өте қымбат деп санайды, өйткені оларды өндіру үшін арнайы гибридті жасушалар қажет.

Қатысты жаңалықтар

Сарыағаш: Қызылжарлықтардың спортпен шұғылдануына барлық жағдайлар жасалуда

azatmedia

«Ат қорасы, моторлы яхтасы бар» – Депутат ұлттық компаниялардың шығынын сынады

azatmedia

Мопед жүргізушілеріне қандай талаптар бар?

azatmedia

Пікір қалдыру