Қоғам

ТҮРКІСТАН: Жаңабазарлықтар жылыжай шаруашылығын жүз пайызға орындап отыр

Жылыжай

Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы, Жаңа базар ауыл округі бойынша жалпы 8 мыңнан астам гектар аумаққа егін егілген, деп хабарлайды Azatmedia.kz ақпараттық порталы.

Жалпы егілген аумақтың ішінде суармалысы 373 гектар болса, ал жайылымдық жері 14131 гектар, шабындық 6893 гектар, өзге де жерлер 3190 гектар, бау-бақша арналған жер 161 гектар жерді құрап отыр.

Аталмыш жерлер 604 агроқұрылымдарға бөлініп берілген. Жалпы аудан көлемінде ауыл шаруашылығы саласындағы тапсырмаларды орындауда аталған ауыл округінің де өзіне тиесілі үлесі бар. Соған сәйкес мақсаттарға жету үшін  аудан әкімі тарапынан «үш жақты» келісім шарт түзіліп, орындауға тапсырмалар берілген.

Ауыл округі бойынша 1 га жерге жылы жай шаруашлықтарын дамыту бойынша тапсырма берілген болатын. Бүгінде бұл жылыжай жұмыстарын ЖК «Оразов С» 0,40 га, ЖК «Айтмырзаева С» 0,20 га, «ЖК «Куандыкова Ф» 0,07 га, ЖК «Шынтореева Т» 0,15 га, ЖК «Тайжанов Б» 0,10 га, ЖК «Таскараева З» 0,05 га, ЖК «Тлеубай А» 0,03 га жалпы тапсырма 1 га жерге жылыжай өнімі егіліп, тапсырма 100 пайызға орындалып отыр.

Қатысты жаңалықтар

Болашақтың бағдаршамы

azatmedia

Тараздық емші өкпе, бауыр, асқазан обырына/рак/ шалдыққандарды емдеуде

azatmedia

Әлеуметтік желіде жалған жарлы көп

azatmedia

Пікір қалдыру