Соңғы жаңалықтар

Израиль Әзербайжанға қару-жарақпен көмектесуде

Израиль соңғы үлгідегі қару-жарақ түрлерін ұшақтарға тиеп, Әзірбайжанға жіберуде, – деп хабарлайды  Azatmedia.kz ақпараттық порталы.

 Бұл туралы «Аль-Арабия» арнасы 30-қыркүйекте мәлімдеді. Әскери қимылдар қарқынды түрде жүріп жатқан Таулы Қарабақ аймағына қатысты әлемдік ірі державалардың ұстанымы өзгерген жоқ. Арменияның жақында Тель-Авивте ресми түрде елшілік ашқанына қарамастан, Израиль Әзірбайжанға қару сатушы елдердің көш басында тұр. Екі ел арасындағы қару және мұнай саудасы соңғы екі жылда бес есе өскен.

«Израиль Әзірбайжанға қарудың түр-түрін жеткізуде. Бакуге осымен екінші мәрте қару тиелген ұшақ келіп қонды», – деп хабарлады «Аль-Арабия» арнасы.

Әзірбайжан президентінің сыртқы саясат бойынша кеңесшісі Хикмет Гаджиев америкалық Axios порталына Баку мен Израиль арасындағы әріптестікті жоққа шығармай, қақтығысқа дейін де қару-жарақ сатып алудың болғанын айтты.

Қатысты жаңалықтар

Діни радикализмнің соңы білімнен алыстау

azatmedia

Жұмыссыз қалған қазақстандықтар үшін жақсы жаңалық жарияланды

azatmedia

В ШЫМКЕНТЕ 368 СЕМЕЙ БУДУТ ОБЕСПЕЧЕНЫ ЖИЛЬЕМ ДО КОНЦА ГОДА

azatmedia

Пікір қалдыру