Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы, Сарапхана ауылдық округіндегі жол сапасы жақсарып келеді, – деп хабарлайды Azatmedia.kz ақпараттық порталы.
Сарапхана ауылдық округі бойынша барлығы 35 жол бар. 2018 жылы Ы.Алтынсарин, 2019 жылы 1 км 300 метр болатын Бұлбұл көшелеріне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген болатын. Биыл «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында 22 көшеге орта жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Олардың ұзындығы – 33,3 шақырымды құрайды. Оған аудан бюджетінен 506 миллион 875 мың теңге бөлінген. Құрылысты «БАЗИС-К» ЖШС жүргізуде.
Қазіргі таңда Махамбет елдімекеніндегі Ырыс, Л.Құрбанов көшелерінің қажетті жерлерінің су құбырлары көміліп, тас төселіп, арнайы техникамен тегістеу жұмыстары жүріп жатыр. Өзге аймақтардағы су құбырларын көму жұмыстарының 80 пайызы біткен. Жолдар да реттеліп келеді.
«Енді қалған 11 көшеге жобалық сметалық құжаттама жасалып, алдағы уақытта яғни 2025 жылға дейін бітіру жоспарлануда» – деді Сарапхана ауылдық округінің әкімі Әбдіқасым Тұрғара Амантайұлы.