Соңғы жаңалықтар

Қазығұртта жұмыспен қамту жүйелі түрде жүргізіліп келеді

Қазығұрт

Түркістан облысы Қазығұрт ауданы Шарбұлақ ауыл округі бойынша ауыл тұрғындарын 2020 жылы жұмыспен қамту бойынша кәсіби даярлау жоспары 100 пайыз, деп хабарлайды Azatmedia.kz ақпараттық порталы.

Қысқамерзімді оқыту жоспары 0 %, шағын несиелеу жоспары 67 пайыз, шағын грант жоспары 33 пайыз, әлеуметтік жұмыс орындары бойынша жоспар 120 %, жастар практикасы жоспары 65 %, қоғамдық жұмыс жоспары 54 пайыз, тұрақты және уақытша жұмыс жоспары 69 пайызға орындалған.

Сондай-ақ, 2020 жылдың мамыр айынан бастап елімізде карантин жариялануына байланысты 70 адамды қоғамдық жұмысқа тарту тапсырылған. Қәзіргі таңда көп балалы, тұрмыстық жағдайы төмен 36 азамат қоғамдық жұмыспен қамтылған. Қалған 34 азаматты жұмысқа қабылдау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Атап өтсек, қоғамдық жұмыспен қамтылған азаматтар Қазығұрт-Шарбұлақ, Шарбұлақ-Ақбастау жол бойындағы көктемгі жауған қардан сынған ағаш бұтақтарын, қураған талдарды қырқып, тазалауда, осы жол бойындағы ағаштардың түптерін әктеп, жантақтарын шабуда қызмет атқарып келе жатыр. Сонымен қатар, ауыл округіндегі ішкі көшелердің тазалығын күнделікті қадағалап келе жатыр.

Қатысты жаңалықтар

Қырғызстан билігі Садыр Жапаровтың қолына өтті

azatmedia

Халық денсаулығы басты назарда

azatmedia

ШЫМКЕНТТЕ РӘМІЗДЕР КҮНІНЕ ОРАЙ АВТОКӨЛІК ШЕРУІ ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

azatmedia

Пікір қалдыру