Ақпарат

Шарбұлақта бау-бақша көлемі ұлғайып жатыр

Бау-бақша

2020 жылы ауыл шаруашылығы бөлімімен егістік жерді игеру тапсырмасы бойынша 3 жақты келісім шарт негізінде Түркістан облысы Қазығұрт ауданы Шарбұлақ ауылдық округіне 7600 га жерді игеру тапсырмасы берілген, деп хабарлайды Azatmedia.kz ақпараттық порталы.

Бүгінгі таңда тапсырма 100 пайызға орындалып, яғни 7600,43 га жер игерілген. Яғни, аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінен бекітілген үш жақты тапсырманың барлығы толықтай орындалған. Сондай-ақ, 1 алқаптан 2-3 өнім алу жобаларын іске асыру бойынша 9 тапсырма беріліп, толықтай орындалған.


Жалпы, Шарбұлақ ауылдық округінің жер көлемі 23 740 гектар болса, оның егістік көлемі 7775 гектар және суармалы жер 725,3 гектар. Одан өзге 5534 гектар шабындық жер, 9073 гектар жайылым және 1251 гектар өзге санаттағы жерлер бар. Атап өту керек, бүгінгі таңда бау-бақша саласы қарқынды дамыған ауыл округінде аталған санаттағы жер көлемі 173,5 гектарға жеткен.


Айта кетейік, Шарбұлақ егін шаруашылығымен айналысатын шаруаларға Мемлекет тарапынан жеңілдікпен берілетін жанар жағармай мен минералды тыңайтқыш алу бойынша Qoldau.kz порталы арқылы әр шарушылық өз электронды цифрлық қолтаңбасымен кіріп, онлайн түрде тапсырыс беріп, жеңілдікді пайдаланып жатыр.

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАННЫҢ ТАҢБАЛЫ МӨРІ – ПАВЛОДАРДАҒЫ «ДОСТЫҚ ҮЙІНЕ» ТАБЫСТАЛДЫ

azatmedia

КЕЛЕСТЕ КЕЛЕЛІ КЕЗДЕСУЛЕР ӨТТІ

azatmedia

ЗАҢСЫЗ ҚҰРЫЛЫСТЫ АЛДЫН АЛУ ТИІСТІ ТАЛАПТАРҒА САЙ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

azatmedia

Пікір қалдыру