Соңғы жаңалықтар

Мектеп оқушысынан коронавирус анықталды

Кезекші сыныпта коронавирус жұқтырудың алғашқы жағдайы анықталды, – деп хабарлайды  Azatmedia.kz ақпараттық порталы.

Шығыс Қазақстан облысы Парыгино аулында екінші сынып оқушысының COVID-19-ға тапсырған сынағы оң нәтиже көрсеткен. Бұл ақпаратты Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов растады.

«14 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысының Алтай ауданы, Парыгино кентінде кезекші сынып оқушысынан коронавирус жұқтырудың алғашқы жағдайы анықталды. Баланың анасы – мұғалім. Бірінші күні дене қызуы 37 градус болды, вирустың барлық белгісі болды. ПТР талдауы оң нәтиже берді», – деді Кожахметов.

Қазіргі уақытта бала емделіп жатыр. Жағдайы – қанағаттанарлық. Баламен байланыста болған барлық адам тексеріледі.

Қатысты жаңалықтар

НҰРШУАҚ ШАҒЫНАУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

azatmedia

Ұлын 10 жылдан кейін көрген ана аяқасты қайтыс болды

azatmedia

Әкім тойға тыйым салудың ерекше әдісін тапты

azatmedia

Пікір қалдыру