Соңғы жаңалықтар

Оқушылардың неліктен төбелескені белгілі болды

Ақтөбеде мектеп оқушылары бір-бірінің сөзі көтере алмай төбелесіп қалған, – деп хабарлайды  Azatmedia.kz ақпараттық порталы.

Әлеуметтік желіде тараған видеодан кейін, оқушылар үстінен қылмыстық іс қозғалған. Олардың ата-аналары да жауапқа тартылуы мүмкін. Облыстық білім басқармасы төбелестің негізгі себебін айтты.

«20 қыркүйек күні қыздар төбелескен. Кеңқияқ, Шұбарши, Саркөл ауылындағы 10 қыз бір-бірінің сөзін көтере алмаған. Олар алдымен әлеуметтік желідегі ортақ чат арқылы ұрысқан. Балағат сөз айтқан. Негізгі себебі – осы. Кейін кездесіп, төбелескен. Төбелесті арнайы видеоға түсіріп, өздері әлеуметтік желідегі парақшаға жүктеді. Жәбірленуші қыз дене жарақатын алмаған. Оқиғадан соң лезде Темір аудандық білім бөлімі, полиция бөлімінен арнайы мониторинг тобы құрылып, зерделеу жұмысы жүргізілді», – дейді облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Нұргүл Бертілеуова.

Айта кету керек, қазіргі уақытта төбелескен қыздардың ата-аналары ортақ мәмілеге келген.

Қатысты жаңалықтар

Кредит алатындарға жағымды жаңалық – министр түсіндірді

azatmedia

ЖАЛДАМАЛЫ ПӘТЕРДІҢ ТӨЛЕМАҚЫСЫН МОБИЛЬДІ ҚОСЫМША АРҚЫЛЫ ТӨЛЕУШІЛЕР ҚАТАРЫ АРТУДА

azatmedia

Діни бостандық және зайырлы мемлекет

azatmedia

Пікір қалдыру