Соңғы жаңалықтар

Айгүл Орынбек: «Любой адам солай істейді» деген қайта қыздарды қорлайтын адамның сөзі»

Қоғам белсіндісі Айгүл Орынбек өзінің фейсбук парақшасында әлеуметтік желіде тараған қыздардың төбелесіне қатысты пікірімен бөлісті, – деп хабарлайды  Azatmedia.kz ақпараттық порталы.

Қоғам белсендісі кешірім сұраған қыздардың әрекетін сынға алған. «Имандылық, көркем мінез қайда ал? Орану керек иманды, көркем мінезді болады дейтін едіңдер! Мынау ма енді оранғандарымыздың түрі? Имандық, тәрбие көркем мінез жайында қалды! Балаларымызға орануды емес, мықты тәрбие беріп, білім және ғылым жолын насихаттауымыз керек!» дейді Айгүл Орынбек.

Сонымен қатар қоғам белсендісінің пікірінше, кешірім сұрап тұрған қыз заң бұзып, бұзақылық жасағанын мойындап тұрған жоқ. Бұл әрекеті алдағы уақытта өзгелерге сабақ болуы үшін қызды жазаға тарту керек.

«Любой адам солай істейді» – деген сөзінің өзі, есіктен шыққаннан кейін ұмытып, қайта қыздарды қорлайтын адамның сөзі… Бұл оқиғаны жәй қалдырмауымыз керек, мектептерге құқықтық тәрбие сағатын көбірек қосу керек!» дейді қоғам белсендісі.

Айта кету керек, бұған дейін әлеуметтік желіде қыздардың төбелескен видеосы тараған болатын. Артынша бір қыздың кінәсін мойындап, кешірім сұраған видеосы да шықты. Оқиға әлеуметтік желіде әлі де қызу талқыланып жатыр.

Қатысты жаңалықтар

Негізгі құндылықтар мен қағидаттар

azatmedia

Көркейсе ауыл, көркейеміз бәріміз…

azatmedia

Месси «Барселонадан» кетеді

azatmedia

Пікір қалдыру