Әлеуметтік желілерде мектеп оқушылары арасындағы төбелес видеосы пайда болды. Қақтығыс Ақтөбе облысы Темір ауданы Шұбаршы ауылында болған, деп хабарлайды Azatmedia.kz ақпараттық порталы SkifNews сайтына сілтеме жасап
Алдымен екі жасөспірім бірін-бірі киімінен ұстайды да сөзбен айтысады, содан кейін біреуі екіншісін жерге сүйрейді. Екінші видеода үшінші қыз жеңілген сыныптасының басын тізесімен басқан.
Облыстық полиция департаменті болған оқиғаға түсініктеме берді.
«Кәмелетке толмағандардың өз сыныптастарын ұрып-соғу фактісі бойынша Темір аудандық полиция бөлімі тексеріс жүргізуде. Алдын ала мәлімет бойынша, 9-сыныптың үш оқушысы әдепсіз қарым-қатынасқа байланысты сыныптасын ұрып-соғып, бәрін ұялы телефонға түсірген. Сонымен қатар кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі инспекторлар ауданның оқу орындарында профилактикалық әңгіме өткізді», – деді облыстық ПД баспасөз қызметі.