Шоу-бизнес

Баян Алагөзова екінші күйеуінен шынымен де жүкті ме?

Баян Алагөзова

Баян Алагөзованың биі әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр. Бұл жолы желі қолданушылары атышулы продюсердің жүктілігін жарыса жазуда деп хабарлайды Azatmedia.kz ақпараттық порталы.

Жолдасы Тұрсынғали Алагөзовпен бидің түбін түсірген продюсер көпшіліктің назарын өзіне аударған. Оқырмандарының дені оның жүкті екенін жазып жатыр.

Бірқатар желі қолданушылары Баян Алагөзоваға жүктілігін сұрап, сауалдарын жолдауда. Продюсерді шын жүректен құттықтап, ұлды болуын тілейтіндер мен 46 жасқа толған әйел үшін ана атану денсаулығына ауыр болуы мүмкін екенін жазғандар да болды.

Баян ханымның өзі жүктілікке қатысты ақпаратты растап та, жоққа шығарып та отырған жоқ. Ал дәл осылай 46 жасында бала көтеріп, 47 жасында ана атанған актриса Гүлнәр Байбосынова Баян ханымға тек сәттілік тілейді.

«Мен 47 жасымда ана атандым. Қартайғанда бала не керек деп жатқандар болды. Қазір 54 жастамын. Балам өсіп келеді. Баян да талай сыннан өтті. Әр адам, әр әйел бақытты болуға лайық. Сондықтан аман-есен босанып, ана атануына тілектеспін. Отбасында ұл бала өмірге келсе, тіпті жақсы болар еді. Кім қай жаста ана атанса да, балалы болудан асқан бақыт жоқ. Менің тағдырым осындай», – деді актриса.

Ал Ақбота Сейтмағамбет бұрынғы продюсерінің жүктілігі жайлы естімігенін айтты.
«Мен Баян ханымның жүктілігі жайлы естіген емеспін. Әлеуметтік желіде ол кісінің жазғандарын оқимын, бірақ жүктілігі туралы естіген жоқпын. Егер бұл ақпарат рас болса, мен тек қуаныштымын. Міндетті түрде хабарласып құттықтап қоямын» -дейді ол.

Қатысты жаңалықтар

Аша Матай алғаш рет көпшілікке қызын көрсетті

azatmedia

«Шалдарға көркем мiнез көрсетiп қойыңыз…»: Төреғали Төреәлі авторлық курсын ашты (ФОТО)

azatmedia

Танымал актер қазақстандықтардан кешірім сұрады

azatmedia

Пікір қалдыру