Соңғы жаңалықтар

Мектеп асханасынан оқушылар уланған

Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Тимофеев орта мектебінде 11 адам тамақтан уланды, – деп хабарлайды Azatmedia.kz ақпараттық порталы Atameken Business-ке сілтеме жасап. 

Науқастардың 7-еуі – бала, 4-еуі – ересек адам. Олар ауылдық мектептің шағын орталығының жұмысшылары мен тәрбиенушілері. Қазіргі уақытта Облыстық сапа және тауар қауіпсіздігін бақылау департаментінің мамандары барып, жұмыс істеп жатыр. Олар ата-аналар арасында сауалнама жүргізіп, ас әзірлейтін орындарды тексерді. Мамандар асханадағы тағамдар мен ауызсудан зертханалық зерттеу үшін сынамалар алған.

Полиция тергеу-тексеру жұмыстарын бастады. Балалар мен ересектердің улануы санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталмауынан болғаны расталса, асханаға қызмет көрсетуші кәсіпкерге 2000 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады.

Айта кету керек, Тимофеев орта мектебінде сабақ дәстүрлі, яғни офлайн форматында жүреді. Жалпы 14 бала тамақтанған. Соның 7-еуі астан уланып қалған, ал қалғанының денсаулығы жақсы.

Қатысты жаңалықтар

ANTIKOR LIVE: СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ФАКТІЛЕРІ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАҒАН АДАМДАР КӨТЕРМЕЛЕНЕДІ

azatmedia

ШЫМКЕНТ: МОНИТОРИНГТІК ТОП 500-ГЕ ЖУЫҚ ДӘРІХАНАҒА ТЕКСЕРУ ЖҮРГІЗДІ

azatmedia

АКИМ ШЫМКЕНТА ВСТРЕТИЛСЯ С ГЕНЕРАЛЬНЫМ КОНСУЛОМ США

azatmedia

Пікір қалдыру