Спорт

Хабибтің әкесін еске алу турнирінде қазақстандық нокаутпен жеңілді

Бокс

Қазақстандық Дәурен Ермеков орта салмақта Fight Nights Global чемпионы титулын ала алмады, – деп хабарлайды Azatmedia.kz ақпараттық порталы Vesti.kz басылымына сілтеме жасап.

Бұл титулға ол Мәскеуде өткен Абдулманап Нурмагомедовті еске алу турнирінде бақ сынады. Жарысты ресейлік Fight Nights Global және GFC лигасы ұйымдастырды.

Ермековтің қарсыласы ресейлік Владимир Минеев болды. Олар басында бірлескен белбеу үшін төбелесуі керек еді, алайда соңында тек FNG үшін таласты.

Кездесу бес раундқа жоспарланған, бірақ үшіншісінде аяқталды. Ресейлік спортшының бірнеше рет жасаған шабуылына қазақстандық жауап бере алмады. Содан кейін төреші кездесуді тоқтатып, Дәурен Ермековке техникалық нокаут болды деп есептеді.

Айта кетейік, Ермеков уақытша GFC чемпионы және ол бұл белбеуді сақтап қалды.

Сондай-ақ турнирге жартылай жеңіл салмақта қатысқан қазақстандық Мұратбек Қасымбай да Fight Nights Global чемпионы бола алмай қалды.

Қатысты жаңалықтар

Прошла встреча глав казахско-кыргызских федераций «Кокпар»

azatmedia

Олимпиада чемпионы Ермахан Ибраимовке тоқалы қыз туып берді

azatmedia

14 жасөспірімге найзағай түсті

azatmedia

Пікір қалдыру