Қоғам белсендісі Марғұлан Сейсембай әлеуметтік желіде еліміздегі қашықтан оқыту жүйесіне қатысты өз пікірімен бөлісті, – деп хабарлайды Azatmedia.kz ақпаратық порталы.
Қоғам белсендісінің пікірінше, төменгі сыныптарға қашықтан оқыту жүйесі мүлдем тиімсіз. Себебі, бұл жастағы оқушыларға мұғалімнің рөлі шамамен 70%, ата-ана рөлі 20% және сыныптастардың рөлі 10%-ды құрайды. Олар бұл жаста өз мүмкіндіктері мен әлемді тани алмайды.
Ол орта буын және жоғары сыныптар турасында: «Орта буын сыныптары (5-8), мұғалімнің рөлі шамамен 50%, сыныптастар рөлі 20%, ата-ана рөлі 15% және өз бетімен дайындалу 15%. Сондықтан, бұл жаста күндізгі оқу мен қашықтан оқытудың арақатынасы шамамен 70% күндізгі және 30% қашықтан болуы тиіс.
Жоғары сыныптарда (9-11), мұғалім рөлі 20%-ға дейін, сыныптастар рөлі 30%-ға дейін өседі, өз бетімен дайындалу 40%, ал ата-ана рөлі максимум 10%-ға дейін төмендейді. Сондықтан, бұл жаста қашықтан оқытудың үлесін 50%-дан 75%-ға дейін арттыруға болады» дейді.
Қоғам белсендісі еліміздегі білім жүйесі қирап жатыр деп есептейді. Ал оның қатері Covid-пен ауырып шығудан да ауыр.