Шоу-бизнес

Айнұр Тұрсынбаева енді шұжық шығаруға кірісті

Ainur

Айтыстың аққуы атанған Айнұр Тұрсынбаева жаңа кәсіпті қолға алды, деп хабарлайды Azatmedia.kz ақпараттық порталы. Skifnews.kz  сайтына сілтеме жасап.

Бұл ісі туралы айтыскер Instagram парақшасында жазды. Ақын қыздың жазуынша, оның шығаратын өнімдері халал. Мәселен, шұжық жасауға қолдану үшін сойылатын мал ислам шарттары бойынша сойылған екен. 

«Ал сүйінші! “АЙДЫҢ НҰРЫ” деген атпен халал шұжықтары сатылымға шыға бастады. Шұжықтың 10 шақты түрін, оның ішінде, «Қазақстандық» деген атпен тұңғыш рет шығып жатқан өнімдерді сіздерге ұсынамыз!

 Халал сосикалар, сарделькаларды да шығарып жатырмыз. Бағасы қол жетімді! Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасы тексеріп берген халал сертификаты бар. Малдардың ислам шарттарымен бауыздалып сойылатынын да айта кеткім келеді», – деп жазды ол желіде. 

Оның бұл жазбасын оқыған желі қолданушылары «Құтты болсын, іске сәт, қандай күшті, керемет!» деп  оған қолдау білдіруде. 

Қатысты жаңалықтар

Мінсіз мүсінді Мақпал Исабекова

azatmedia

Димаш елге басқа қырынан танылу үшін сақал өсіріп, Джеймс Бондтың көлігіне мінді

azatmedia

«Бір жерін көрсетіп»: Жаңа образдағы Сәдуақасова елден оңбай сөз естіді (фото)

azatmedia

Пікір қалдыру