Ақпарат

3 күн бойы тек «Доширакпен» тамақтанған блогер желіні шулатты

Доширак

Фитнес пен спорт жайында кеңінен ақпарат беретін ресейлік блогер Алексей Столяров ерекше эксеримент жасап, желіні шулатты, – деп хабарлайды Azatmedia.kz тілшісі блогердің YouTube каналына сілтеме жасап.

Эксперимент алдында блогер 30 дана «Доширак» сатып алады. Алғашқы күні салмақ өлшенді. Блогер салмағы 94,7 кг болды. Алексей 1 «Доширакты» шамамен 450 килокалория деп алды және күніне төртеуін жеуді жоспарлады.

Бірінші күні мұндай тамақтану үрдісі блогерге ұнайды. Ешқандай ауру белгілері бақалмады. Екінші күні оның ахуалы нашарлай бастайды. «Асқазанымда ауырлық байқалады. Шынымды айтсам, бүгін толық тауыса алмаймын. Ағзама бір соққы тиген сияқты» дейді ол камераға қарап.

Үшінші күні блогер тамақтанғысы келмеді. Біршама уақыттан кейін тағы бір «Доширакты» жеп, ахуалы жақсарғанын айтады. Дегенмен кешке қарай жағдайы тағы нашарлап, уақытында жемей, түнге қарай екеуін бірден тауысты.

Эксперимент құрытындысына келсек, тек «Доширакпен» тамақтанған 3 күнде блогер 3,5 кг тастаған.

Қатысты жаңалықтар

Қазақстанда өткен тәулікте 73 адам коронавирус жұқтырған

azatmedia

ЖЕТІСТІКТЕР – ЖАСТАРДЫҢ ЖІГЕРІМЕН КЕЛЕДІ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНАН АҚТӨБЕ ӨҢІРІНІҢ СУ БАСҚАН АЙМАҚТАРЫНА 30 ТОННА ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК ЖІБЕРІЛДІ

azatmedia

Пікір қалдыру