Жолдаудан кейін қызметінен босатылатын шенеуніктердің тізімін жасады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев министрліктердегі жауапты хатшылар институтын таратуды тапсырған болатын. Президент бұл құрылым өзін ақтамады деп санайды, деп хабарлайды Azatmedia.kz ақпараттық порталы skif news сайтына сілтеме жасап.
Президенттің үкімімен 15 шенеунік лауазымынан босатылатын болады:
1. Ұлттық экономика министрлігінің жауапты хатшысы – Арман Жұмабеков;
2. Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы – Қанат Сәрсембаев;
3. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің жауапты хатшысы – Жанат Қожахметов;
4. Мәдениет және спорт министрлігінің жауапты хатшысы – Бақытжан Берікбайұлы;
5. Ауыл шаруашылығының жауапты хатшысы – Марат Оразаев;
6. Сауда және интеграция министрлігінің жауапты хатшысы – Жәнібек Гупиров;
7. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жауапты хатшысы – Аида Құрманғалиева;
8. Қаржы министрлігінің жауапты хатшысы – Айдын Ашуев;
9. Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің жауапты хатшысы – Әнуар Ахметжанов;
10. Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің жауаптшы хатшысы – Сәбит Нұрлыбай;
11. Энергетика министрлігінің жауапты хатшысы – Талғат Момышев;
12. Әділет министрлігінің жауапты хатшысы – Азамат Әмірғалиев;
13. Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы – Әркен Өтенов;
14. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің жауапты хатшысы – Мереке Пшембаев;
15. Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы – Әсем Нүсіпова.
Айта кетейік, Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік аппаратты 25 пайызға қысқартуды тапсырған болатын.