Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов түрлі салада еңбек етіп, Конституцияның үстемдігін қамтамасыз етуге үлес қосып жүрген 25 азаматқа Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығы құрметіне арналған мерекелік медаль табыстады.
Салтанатты шараны ашқан қала басшысы М.Әйтенов қатысушыларды Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдық мерейтойымен құттықтап, бұл мерекенің мемлекет пен қоғамның дамуындағы және әрбір қазақстандықтың өміріндегі рөлін атап өтті.
«Осыдан 25 жыл бұрын бірауыздан дауыс беріп, қабылданған Атазаңымыз өркениетті мемлекеттің барлығына тән демократиялық қағидалар мен толық қамтылды. Конституция бірлігіміздің тұрақтылығы мен еліміздің тұтастығын бекітіп берді. Мемлекетке қажетті заңдар дер кезінде қабылданып, соның арқасында әлеуметтік-экономикалық және саяси жетілуге жол ашылды. Бүгінде еліміздің әлемдік қауымдастықта жоғарғы деңгейге көтерілгенін мақтанышпен айтамыз»,-деді қала әкімі.
Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Конституциясына 25 жыл» мерекелік медалімен төмендегі азаматтар марапатталды.
- Жедел медициналық жәрдем көрсету стансиясының фельдшері -Ж.Абдықұлова;
- №2 оңалту орталығының аға мейіргері – П.Адырбаева;
- Шымкент қаласы құрылыс басқармасының бас маманы – Р.Айдарова;
- №2 қалалық аурухананың босану бөлімшесінің акушері – П.Арапбаева;
- «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-нің бөлім басшысы – Д.Арзымбетов;
- «RG media» сайтының тілшісі – А.Досалы;
- «ЛТД Тұрмыс» ЖШС-нің бөлім басшысы – Ғ.Ахпанбетов;
- Шымкент қаласы әкімі аппаратының бас инспекторы – К.Абдуллаева;
- Шымкент қаласының жоғары спорт шеберлігі мектебінің аға жаттықтырушысы – Ж.Әшірбеков;
- Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының бас маманы – С.Балантаева;
- «Азаматтық Альянс» қауымдастығының президенті – Ж.Білісбеков;
- Т.Орынбаев атындағы гипербарилық оксигенация орталығының мейіргері – М.Гончарова;
- Шымкент қаласы мәслихаты аппаратының бөлім басшысы -Б.Жамалбеков;
- №31 жалпы орта білім мектебінің мұғалімі – Н.Каюпова;
- Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы – Б.Көмекбаева;
- М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры – Д.Қожамжарова;
- Орыс драма театры директорының орынбасары – Ж.Қошақов;
- Қалалық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы – Қ.Құнанбаев;
- Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының әдіскері – В.Мартынов;
- «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары – Б.Нарымбетов;
- «Шымкент қалалық жасөспірімдер кітапханасы» КММ-нің директоры – З.Парымбекова;
- Шымкент қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы О.Рахманбердиев;
- Шымкент қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы – И.Рысбай;
- «Гаухар» тігін фабрикасының директоры – Ә.Халбаева;
- Шымкент қалалық өзбек драма театрының директоры – И.Хашимжанов.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі