Ақпарат

Асфальт төсеу жұмыстары жүргізілді

Түркістан облысы, Келес ауданы, Біртілек ауылдық округінде бес елді мекеннің жолдары жөнделіп, асфальт төсеу жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды Azatmedia.kz.

Біртілек ауылдық округі бойынша жалпы 23 шақырым облыстық маңызы бар, 19,8 шақырым аудандық маңызы бар жолдары өтсе, 43 шақырым жол ішкі орам жолдары.

Қазіргі таңда Керегетас елді мекенінің  Наурыз-2 көшесіне 1,5 шақырым жолға шағал тас төсеу жұмыстарына мемлекет тарапынан 7,744 миллион теңге қаралып, оның құрылыс жұмыстарын «АВС сервис» ЖШС-гі мердігер мекемесі жүргізіп, аяқтап отыр.

Ал, Шұқырсай елді мекені, Мешіт көшесінің 1.5 шақырымына, Шұқырсай елді мекені  Жастар көшесінің 1 шақырымына, сондай-ақ Еңбекші елді мекенінің Тәліпбай ата көшесіне 1 шақырымына асфальт төсеу жұмыстары жүргізілді. Аталған құрылыс жұмыстарына мемлекет тарапынан 56, 859 миллион теңге қаражат бөлінген. Құрылыс жұмыстарын «Достық спецтранс» ЖШС-гі мердігер мекемесі жөндеуден өткізіп, бүгінде нысанды ел игілігіне тапсырып отыр.

Қатысты жаңалықтар

ЭНЕРГИЯ ТАПШЫЛЫҒЫН ЖОЮДЫҢ БІРДЕН БІР КӨЗІ

azatmedia

ТҮРКІСТАН: «ДОСТЫҚ ҮЙІНДЕ» ҚХА АҚСАҚАЛДАР КЕҢЕСІНІҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 760 МЫҢНАН АСТАМ ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖӘНЕ ЖӘРДЕМАҚЫ АЛУШЫ БАР

azatmedia

Пікір қалдыру