Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 22,5 миллионнан асты. Ал 14,4 миллион адам жазылып шыққан деп хабарлайды Azatmedia.kz
Джонс Хопкинс университетінің деректеріне сүйенсек, коронавирус жұқтырғандар саны бойынша әлемде АҚШ бірінші орында тұр. Онда COVID-19 5,5 миллион адамнан анықталған. Оның ішінде 173 мыңнан астам адам көз жұмса, жазылып шыққандар саны – 74 мың.
Бразилияда коронавирус жұқтырғандар саны 3,4 миллионнан, жазылып шыққардар 2,8 миллионнан асты және 111 мыңнан астам адам көз жұмды.
Үшінші орында тұрған Үндістанда 2,8 миллион адамнан анықталды. Ал 2 миллионнан астам адам жазылып шығып, 53 мыңнан астам адам көз жұмды.
Сонымен қатар, алғашқы ондыққа Ресей (939 мың), Оңтүстік Африка (596 мың), Перу (558 мың), Мексика (537 мың), Колумбия (513 мың), Чили (391 мың), Испания (370 мың) кіреді.
Коронавирустан қалай сақтану керек?
Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымының инфекцияның алдын алуға беретін кеңестері:
- Қолды әр жарты сағат сайын 20 секунд бойы сабындап жуу;
- Микробтарды өлтіруге антисептик көмектеседі. Медициналық спирт те қолдануға жарайды. Егер спиртке аллергия бар болса, санитайзерді пайдаланыңыз;
- Түшкіргенде және жөтелгенде мұрын-аузыңызды қағаз майлықпен не шынтағыңызбен жабыңыз. Содан кейін майлықты жабық контейнерге тастап, қолыңызды жуыңыз;
- Қолыңызды көзіңізге, мұрныңызға және аузыңызға тигізбеңіз, бұлар вирустың «кіріс қақпасы» саналады;
- Жөтел, жоғары температура және тыныс алу мүшелері ауруларының басқа симптомдары бар адамдардан аулақ жүріңіз;
- Адам көп жиналатын қоғамдық орындарға, той-томалақ, жиындарға бармай, үйде отыруға тырысыңыз;
- Адамдармен қол алыспай, қашықтықтан амандасқан жөн;
- Іссапардан бас тартып, әлем бойынша саяхатты шектеңіз;
- Үйдің терезесін жиі ашып, ауаны тазартып тұрыңыз;
- Қоғамдық көлікті жиі пайдаланбаған жөн;
- Қолма-қол ақшадан бас тартып, төлемді мүмкіндігінше банк картасы арқылы жасаңыз;
- Бөлмені жиі желдетіңіз;
- Табиғат пен фермалардағы жануарлардан аулақ жүріңіз;
- Ет пен жұмыртқаны ұзақ уақыт қайнатып не пісіріңіз, яғни, шала піскен күйінде тұтынбаңыз;
- Температура көтерілгенде, жөтелгенде және тыныс алу қиындағанда дереу медициналық жәрдемге жүгініңіз;
- Иммунитетіңізді нығайтып, салауатты өмір салтын ұстаныңыз. Ақуыздарға, дәрумендерге және минералды заттарға бай тағамдарды тұтыныңыз.