Соңғы жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: «ЦИТАДЕЛЬ» – ТУРИЗМ ОРТАЛЫҒЫНА АЙНАЛУДА

Шымкент қаласының туризм басқармасының қолдауымен жаңа туристік нысандармен танысу мақсатында «Туристік Қамқор» корпоративтік қорының және бірнеше ірі қазақстандық турфирмалардың өкілдері ескі қалашықта орналасқан Цитадельге барды.

Ақпараттық турға қатысушылар қаланың көне тарихымен және «Ескі қалашық» кешенінің маңызды нысандарымен танысты.

Сонымен қатар, тур аясында қонақтар «Қылует» бірегей этнографиялық мұражайын аралады. Онда қазақтардың ежелгі тұрмысы және салт-дәстүрлерімен танысуға, сондай-ақ қыш өнері бойынша шеберлік сыныптарына қатысуға мүмкіндік алды.

Бұған дейін ескі қалашық аумағына гид-экскурсоводтарға арналған тест-тур ұйымдастырылған болатын. Тур барысында экскурсоводтар қалашықтың негізгі нысандарымен танысып, алдағы уақытта жеке тәжірибесінде қолданатын ақпараттар алды.

Естеріңізге сала кетейік, «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында қалада археологиялық қазба жұмыстары жүргізіліп, олар ежелгі және ортағасырлық қаланың даму динамикасын сипаттайтын қызықты мәліметтер берді. Сол арқылы қаланың қалыптасу уақыты да анықталды – б.з. д. 2 ғ., осылайша Шымкентке 2200 жыл.

Қатысты жаңалықтар

ШЫҢҒЫС МҰҚАН: «НЕМҚҰРАЙЛЫ ҚАРАСАҚ, ІНДЕТТІ ҚАЙТА ӨРШІТІП АЛУЫМЫЗ МҮМКІН»

azatmedia

Исламдағы бала тәрбиесі

azatmedia

Алматыдағы жантүршігерлік оқиға видеоға түсіп қалды (видео)

azatmedia

Пікір қалдыру