Ақпарат

Жаңа электр желісі – ел игілігіне!..

Түркістан облысының Келес ауданы, Біртілек ауылдық округін жарықтандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде, деп хабарлайды Azatmedia.kz.

Бүгінде тұрғындарды электр энергиясымен қамтамасыз ету мақсатында Біртілек ауылында 1 подстанция, округ аумағында электр энергиясын таратуға 52 КТП жұмыс істеп тұр.

Қазіргі таңда Димитров елді мекені Құрылыс көшесіне жаңадан электр желісінің құрылысы және КТП орнатуға мемлекет тарапынан 75,884 миллион теңге бөлініп, «ХМСУ Шымкент милерация» ЖШС мердігер мекемесің жүргізген, оның құрылысы бүгінде аяқталап, ауыл тұрғындарына жылдың аяғына дейін пайдалануға беріледі.

Сонымен қатар, Еңбекші елді мекені Тәліпбай ата, Құлагер, Қырықбаев көшелеріне жаңадан электр желісінің құрылысы және КТП орнатуға 160 миллион теңге қаржы бөлініп, көшені жарықтандыру жұмыстары аяқталған.

Қосымша Көлтоған, Біртілек және Игілік елді мекендеріне жаңадан берілетін 60 гектар  учаскелік жерге электр желісінің құрылысын жүргізу үшін жер таңдау актісі алынып, жобалық сметалық құжаттары дайындалу үстінде.

Қатысты жаңалықтар

ЕЛДОС СМЕТОВ – ПАРИЖ ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ЧЕМПИОНЫ

azatmedia

ШЫМКЕНТ:ӘКІМ ОНЛАЙН БАЙЛАНЫС АРҚЫЛЫ АЗАМАТТАРДЫҢ ЖЕКЕ СҰРАҚТАРЫН ТЫҢДАДЫ

azatmedia

ОТЫРАРДАҒЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ТЕХНИКАЛАРЫНЫҢ 53 ПАЙЫЗДАН АСТАМЫ ЖАҢАРТЫЛҒАН

azatmedia

Пікір қалдыру