Ақпарат

Ауыз судың рахатын сезінуде

Түркістан облысы, Келес ауданы, Біртілек ауылдық округі 2021 жылы таза ауыз сумен толықтай қамтамасыз етіледі, деп хабарлайды Azatmedia.kz.

Қазіргі таңда Біртілек ауылдық округі бойынша сегіз елді мекендері толықтай ауызсумен қамтамасыз етілген. Атап айтатын болсақ,  Аққорған, Жабайы төбе, Құрылыс, Димитров, Керегетас, Еңбекші, Шырылдақ, Шұқырсай елді мекендерінің тұрғындары ауызсудың рахатын көріп отыр.

Ал, қалған Біртілек, Амангелді, Игілік, Көлтоған, Жолбасшы елді мекендерінің тұрғындары мембрандық тазартқыш арқылы тасымалдап ішуде.

Аталмыш елді мекендерді таза ауызсумен қамтамасыз ету мақсатында Жолбасшы, Көлтоған, Игілік елді мекендерінің ауызсу құбырлары жүргізіліп, биылғы жылдың аяғына дейін қосылу жоспарлануда. Бұл елді мекендердің құрылыс жұмыстарына мемлекет тарапынан 668,656 миллион теңге бөлінген. Аталған құрылыс жұмыстарды «Строй жол сервис KZ» ЖШС мердігер мекемесі жүргізді.

Ал, Біртілек, Амангелді елді мекендеріне таза ауызсу жүйесін тарту биылғы жылы басталды. Оған мемлекет тарапынан 770,255 миллион теңге қарастырылған.

Қатысты жаңалықтар

Шалғайда жатқан ауылдардағы оқушылар дәстүрлі форматта оқиды

azatmedia

ЖОЛ КАРТАСЫНДАҒЫ МАҢЫЗДЫ НЫСАНДАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ – ПАРТИЯ НАЗАРЫНДА

azatmedia

«Еңбек адамы» айдарының кейіпкері –  Жолдасова Сара

azatmedia

Пікір қалдыру