Ақпарат

Көгілдір отынмен қамтылды

Түркістан облысы, Келес ауданы,  Алпамыс батыр ауылдық округі көгілдір отынымен 98 пайыз қамтылған, деп хабарлайды Azatmedia.kz.

Ақжол елді мекенінің Жаңа құрылыс көшесіне табиғи газ құбыры құрылысын жүргізу және ШРП орнату нысаны құрылысының сәулет жоспарлау тапсырмасы дайындалып, жобалық сметалық құжаттамаға  қаржы бөлдіру үшін тапсырыс беруші аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөліміне барлық құжаттар өткізілген.

Алпамыс батыр ауылдық округін көгілдір отынымен 100 пайыз қамтамасыз еті мақсатында Ақжол елді мекенінің Жаңа құрылыс көшесіне, Қауыншы елді мекенінің Б.Майлин көшесіне табиғи газ құбыры құрылысын жүргізу мен ШРП орнату нысаны құрылысына қажетті құжаттар жинақталып, облыстық кадастрде жер кадастрлық жоспары дайындалған. Қазіргі таңда Келес аудандық ТҮКШ, АЖ және ЖК бөлімінде жер кадастрлық жоспарға қаржы қарастырылуда.

Аталмыш жұмыстарды атқару үшін мемлекет тарамынан сметалық жобалық құжаттама дайындалған,  оның құны 396,9 миллион теңгені құрап отыр.

Аталған қаржы ішіне ауылдық округ елді мекендерінің ішкі көшелеріне электр желілерін, бағаналарын тарту және трансформатор орнату құрылысының да қаржысы ендірілген.

Қатысты жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: COVID-19 ЖҰҚТЫРУ ЖАҒДАЙЫ ТІРКЕЛМЕДІ

azatmedia

ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ЛАЙЫҚТЫ ЕҢБЕК ҮШІН ІС-ҚИМЫЛ КҮНІНЕ ОРАЙ КӘСІПОДАҚ АКТИВІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

azatmedia

Новая подстанция в Шымкенте решит вопрос качественного электроснабжения целого массива

azatmedia

Пікір қалдыру