Соңғы жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ ВЕЛОЖОЛАҚТАР САЛЫНУДА

Шымкентте бір – екі ай көлемінде тұрғындарға велосипедтер пайдалануға беріледі. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов әлеуметтік парақшасында айтып өтті.

– Шымкентте 2019-2020 жылдары қаланың үлкен магистралды көшелерінде орташа жөндеу жұмыстарымен қатар веложолақтар салынуда. Қазіргі таңда, SHYMKENT BIKE әлеуметтік – инновациялық жоба шеңберінде 160 велосипедтен құрайтын 40 велостанция пайдалануға әзір тұр. Велосипедтерді әкімдік балансына алып, бүгінде тиісті шараларды жүргізіп жатырмыз. Алдағы 1,5-2 айдың көлемінде велосипедтер тұрғындар үшін пайдалануға беріледі, – деді М.Исахов.

Мақсұт Исаховтың айтуынша, қалада велосипед пайдаланушылар үшін қолжетімді және ыңғайлы тарифтік жоспарлар да әзірленген. BIKE SHARING жүйесі арқылы велосипедті алғашқы 30 минут тегін пайдаланып, одан кейін тарифке сәйкес 1 сағат үшін -100 теңге, 2 сағат үшін – 250 теңге, 3 сағат үшін – 500 теңге, ал 3 сағаттан асса 1 000 теңгеден жұмсалады. Жалпы абоненттік төлем картасының құны: 1 айлық абонемент – 2 500 теңге, 3 айлық абонемент – 6 000, 1 жылдық абонемент – 10 000 теңге тұрады.

Қатысты жаңалықтар

«Сорақылық қой!»: қашықтан оқыту кезінде тағы да порнографиялық бейнежазба қосылды

azatmedia

«ҚАШЫҚТЫҚТЫ САҚТА!» акциясы өткізілді

azatmedia

Қазақстандық отбасы құрт сатқан ақшасына үй салды

azatmedia

Пікір қалдыру