Шымкент қаласында туристерге арналып навигациялық стелалар орнатылуда, деп жазады қала әкімінің баспасқз қызметіне сілтеме жасаған Орда.kz ақпараттық агенттігі.
«Мәдени астана» жылы аясында және қалаға келетін өзге де қонақтарды Шымкент қаласының көрікті жерлерімен таныстыру мақсатында Туризм басқармасы тарапынан қаланың ірі көшелерінің қиылысына ақпараттық навигациялық стелалар орнатылып жатыр.
Навигациялық стела – бұл жақын орналасқан туристік нысандар туралы ақпарат көзі ретінде қызмет ететін, әрі аймақта жылдам бағыт алуға жағдай жасайтын шағын көлемді дизайн.
Бүгінгі таңда аталған навигациялық стелалардың бірі – Б. Момышұлы және Желтоқсан көшелерінің қиылысында орнатылды. Алдағы уақытта бұдан өзге 29 стеланы орналастыру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Еске сала кетейік, өткен жылы Беларусияның Брест қаласында «ТМД елдерінің мәдени астанасы» эстафетасы Қазақстанның Шымкент қаласына табыс етілген болатын. Осылайша екі мыңжылдық тарихы бар Шымкент қаласы 2020 жылы ТМД елдерінің мәдени астанасы атанды.