Соңғы жаңалықтар

ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 1500-ДЕН АСТАМ ШЫМКЕНТТІК ЗЕЙНЕТКЕ ШЫҚТЫ

Шымкентте биылғы жылдың 7 айында 1 603 шымкенттік жасына байланысты зейнетақының тағайындалуына өтініш білдірген. Өткен жылдың дәл осы кезеңінде 1 629 азамат зейнетке шыққан.
Зейнеткерлікке шыққандардың арасында Алматы (5 мыңнан астам), Түркістан (4,5 мыңнан астам) және Шығыс Қазақстан (3,8 мыңнан астам) облыстарының тұрғындары көш бастап тұр.

Естеріңізге салсақ, жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтінішті зейнет жасы толғанға дейін 10 күн бұрын «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының фронт-офисі арқылы беру керек. ХҚО-ға бару үшін алдымен egov.kz порталы немесе eGovKzBot2.0 телеграм-боты арқылы кезек уақытын брондау қажет.
Сондай-ақ коронавирустың таралуын болдырмау мақсатында мемлекеттік корпорация eGov.kz порталына электронды өтінішті жіберу арқылы қашықтан зейнетақы тағайындау мүмкіндігін қарастырды.

Өтініш беру үшін азамат электрондық цифрлық қолтаңба немесе біржолғы жасырынсөз арқылы egov.kz порталына кіру керек. Содан кейін «Электрондық өтініштер» сервисін таңдап, қызметке онлайн тапсырыс береді. Содан кейін жеке ақпарат, оның ішінде электронды пошта мекенжайы, телефон нөмірі, қызмет атауы және т.б. мәліметтер толтырылуы тиіс.
Сондай-ақ құжаттардың сканерленген немесе фото көшірмелерін (қажет тізімді 1414 байланыс орталығынан немесе gov4c.kz веб-сайтындағы «Мемлекеттік қызметтер стандарттары» бөлімінен білуге болады), соның ішінде қызмет алушының жеке қолтаңбасымен куәландырылған өтінішті де жүктеу қажет. Жолданатын тарап бағанында – «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының аймақтық филиалын таңдау керек.
Өтінімнің соңында ЭЦҚ-мен қол қойылуы тиіс.
Сұрақтар туындаған жағдайда, мемлекеттік корпорацияның қызметкерлері қызмет алушымен көрсетілген телефон нөмірі арқылы байланысады.
Мемлекеттік қызмет нәтижесі қызмет алушының жеке кабинетінде көрсетіледі.
Айта кету керек, БЖЗҚ-дан төленетін төлемдер мен базалық зейнетақы төлемдеріне өтініш композит аясында бір өтініш арқылы ұсынылады

Қатысты жаңалықтар

Сарыағаш: Қызылжар елді мекеніндегі көгілдір отынмен қамту жұмыстары қарқын алған

azatmedia

«Қалаулымның» экс-қатысушысы «көтке кіру» қасиеті бар тележүргізуші жайында жазды

azatmedia

ШЫМКЕНТ ӘКІМІ ҚАЛАНЫҢ ЖАСЫЛ БЕЛДЕУІМЕН ТАНЫСТЫ

azatmedia

Пікір қалдыру