Соңғы жаңалықтар

Ветеринарлар бірдейлендіру жұмыстарын жүзеге асыруда

Келес ауданының Жамбыл ауылдық округіне қарасты Бекбота ауылында 1 мал дәрігерлік пункті жұмыс істейді, онда 10 жұмысшы қызмет атқарады, деп хабарлайды Azatmedia.kz. Оларға арнайы бөлме берілген. Қазіргі таңда ауылдық  округ бойынша бірдейлендіру жұмыстары жүзеге асырылып жатыр. Атап айтқанда, 212 бас ірі қара мал, 24000 бас уақ мал сырғаланып, таңбаланған 350 бас жылқының ветеринариялық паспорты берілген және арнайы  компьютерлік  дерекқор базасына  енгізу жұмыстары жүргізіліп келеді. Сонымен қатар, 36  бас қаңғыбас иттер мен мысықтарды ауланып, көзі жойылған. Одан бөлек, Жамбыл ауылдық округі бойынша малдарға түрлі жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында профилактикалық егу-емдеу жұмыстары тұрақты жүргізіліп жатыр.

Айта кетсек, 2020 жылы осы уақытқа дейін ауылдық округке мемлекеттік мекемелер тарапынан қаулы, шешім, өкім сынды 300 кіріс хаттар  келіп, оларды орындау және ауыл тұрғындарының өтініштерін қанағаттандыру  мақсатында ауылдық округ әкімінің  21 өкімі шығарылып, 5 шешім қабылданған және 228 жауап хаттар мен ұсыныстар жолданған. Нәтижесінде, заңсыз актілердің қабылдануына және заңсыз, жалған анықтамалардың, құжаттардың берілуіне жол берілмеген.

Ветеринариялық-санитариялық іс-шаралардың мерзімінде орындалуы халықтың, ұлттың саулығы екендігі белгілі, осыған байланысты аталған елді мекенде барлық ауыл шаруашылығы жануарларына бірдейлендіру жұмыстары жұргізілуде.

Қатысты жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ 79 КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙДІҢ ҚАСБЕТІ ЖАҢАРАДЫ

azatmedia

Танымал эстрада жұлдызы екінші рет коронавирус жұқтырды

azatmedia

В ЦЕЛЯХ ОБЕСПЕЧЕНИЯ ЗАНЯТОСТИ МОЛОДЕЖИ ЗАКЛЮЧЕН ТРЕХСТОРОННИЙ МЕМОРАНДУМ

azatmedia

Пікір қалдыру