Соңғы жаңалықтар

Сақталған өнімге сұраныс мол

Келес ауданындағы Ақтөбе ауылдық өкругіндегі қоймада сақталған өнімнің сапасы жоғары болады, – деп хабарлайды AzatMedia.kz.

Қазіргі уақытта егін шаруашылығымен айналысатын Түркістан облысындағы кәсіпкерлердің қатары артып келе жатыр. Дегенмен, шаруалар көбіне піскен өнімді бұзбай сақтау мәселесіәмен бетпе-бет келіп жататыны жасырын емес. Дәл осындай проблеманы Келес ауданы Ақтөбе ауылдық округінің тұрғындары Садықұлы Әбдімүтәли есімді кәсіпкер иелігіндегі қойма арқылы шешіп отыр.

Ақжар елді мекенінде орналасқан қойма иесінің айтуынша, бұл жерде сақталған өнім сапалы болатындықтан, еліміздің өзге өңірінен де сұраныстар келіп түседі екен. Тіпті, -15 градус суыққа төтеп бере алатын ғимаратта ешқандай инновациялық технология қолданылмайтынына сенбеген адамдар да болған екен.

«Бұл жердің суыққа төтеп беруінің бір сыры – екі шетінде екі қырдың болуы. Олар суық желді жібермей ұстап қалады» – дейді кәсіпкер.

Сонымен қатар, қойма иесі алдағы уақытта ғимараттың шатырын жаңартып, ішінен 100 тонна жеміс-жидек өнімдері сиятын қосымша қой ашпақ. Бұл ойды өзге өңірдегі әріптестері тастаған көрінеді. Ол үшін қазір жергілікті әкімдікпен келісіп, аз пайыздық несие алатынын жеткізді.

Қатысты жаңалықтар

Ордабасы ауданында салтанатты шара өтті

azatmedia

МҰРАЖАЙДЫҢ ҚҰНДЫ ЖӘДІГЕРЛЕРІ

azatmedia

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ АЗАМАТТАРДЫ ЖЕКЕ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ҚАБЫЛДАДЫ

azatmedia

Пікір қалдыру