Түркістан облысы, Келес ауданы, Алпамыс батыр ауылдық округі жаңа оқу жылына дайындық жұмыстарын пысықтауда, деп хабарлайды Azatmedia.kz.
Алпамыс батыр ауылдық округ бойынша екі мектеп бар. Жалпы ауылдык окрру С.Қожанов атындағы №18 орта мектеп, Б.Майлин атындағы №19 орта мектеп, екеуі де компьютерленген, интернет жүйесіне қосылған.
«Біздің мектепте жалпы 841 оқушы оқиды. Қазіргі оқу жылына дайындық жұмыстарын пысықтап жатырмыз. Қашықтықтан оқуға дайын емес оқушылардың тізімін жасақтап жатырмыз. Анықтаған соң олардың шешу жолдарын қарастырамыз. Қамқоршылық қоры және кәсіпкерлермен ақылдаса бұл мәселені шешу жолын қарастырамыз»,-дейді С.Қожанов атындағы №18 орта мектеп директоры Алибек Қадырбаев.
Иә, жазғы демалыс маусымы өз мәресіне таяп қалды. Алда – жаңа оқу жылы. «Біздің алдымызда енді өткен жылдарда қол жеткізген жетістіктерімізді еселеу, жаңа межелерді бағындыру міндеті тұр», – дейді мектеп ұжымы. Бұл жолы мекеме ұжымы жаңа оқу жылын жаңа леппен бастамақ. Бұдан былай мұғалім мамандығына деген құрмет те арта түседі. Жыл сайын жаңа мектеп пен балабақшалар құрылысы да қарқын алып келеді. Мұның бәрін олар бүгінгі ұрпақтың білім нәрімен сусындап, өмірден өз орнын таба білетін білімді, сауатты маман болып шығуы үшін жасалған қадам деп біледі.
Директордың айтуынша, биыл №18 мектептен 39 оқушы бітіріп, 26 оқушысы ҰБТ-ға қатысып, олардың орташа балы 63,5 пайызды құраған.