Соңғы жаңалықтар

Жас оқырмандар саны артты

Келес ауданына қарасты Жамбыл ауылдық округі, Бекбота ауылдық кітапханасында жалпы 5820 кітап қоры бар, деп хабарлайды azatmedia.kz.

Жалпы кітапханаға биыл 154 дана кітап түскен. Күніне 30-35 кітап беріледі. Жалпы келушілердің саны 1545 жетсе, тұрақты оқырмандардың саны 160 жетіп отыр. Олардың ішінде 76 оқырман 15 жасқа дейінгі болса, 21 оқырманы 21 жасқа дейінгілер.

Бүгінгі таңда карантиндік жағдайға байланысты кітапхана «Библиопост» жобасы бойынша әлеуметтік желіде бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылды.

Айтап айтатын болсақ, әлемнің атақты ойшылы Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдығы, еліміздің бас ақыны Абайдың 175 жылдығы, сондай-ақ, Ұлы Жеңістің 75 жылдығы кеңінен насихатталды.

Кітапхана қызметкерлері онлайн форматта ұйымдастырған «Абай тағлымы – ұрпаққа өнеге» шарасына 30 таяу жас оқырман белсене қатысып, Абайдың шығармалары мен сол кезеңдегі дәуірді суреттеген сұрақтарға тұшымды жауап берді.М.Ауезовтың «Абай жолы» романының желісі бойынша эпизодтық тақырыптар кеңінен әңгімеленді. Мұндай онлайн форматтағы шаралар Әл – Фараби мұрасына қатысты жалғасын табады.

Қатысты жаңалықтар

38 миллион теңгеге 5 дәретхана орнатқан

azatmedia

КАЧЕСТВЕННЫЙ ИНТЕРНЕТ: В ШЫМКЕНТЕ УСТАНОВЯТ ЕЩЕ 14 БАЗОВЫХ СТАНЦИЙ

azatmedia

Грант 2021: МЕМЛЕКЕТТІК БІЛІМ ГРАНТЫ ИЕГЕРЛЕРІНІҢ ЕСІМДЕРІ БЕЛГІЛІ БОЛДЫ

azatmedia

Пікір қалдыру