Соңғы жаңалықтар

Ө.Шөкеев: Сапада салғырттыққа жол берілмейді

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев Түркістан қаласындағы қарқыны үдей түскен құрылыс алаңдарын аралап, жұмысшылармен кездесті. Құрылыс барысын бақылап, мердігер компания жауаптыларына бірқатар тапсырмалар жүктеді. Аймақ басшысы бекітілген кестеден ауытқымауды ескертті, және қажет болған жағдайда құрылыс алаңындағы жұмысшылар санын арттыруды тапсырды. Сапа – басты назарда.

«Түркістан қаласының құрылысы мен сәулетінің сапасы өміршең де өзекті. Сондықтан бұл мәселе қатаң бақылауды қажет етеді. Сапада салғырттыққа жол бермейміз. Қалада сәулет өнерінің озық үлгілеріне айналар айтулы ғимараттар бой көтерген. Құрылыс ауқымы жоғары қарқынмен жүргізіліп жатыр. Ең бастысы, халыққа ыңғайлы, сапасы мінсіз болуы тиіс», – дейді облыс әкімі.

Әкімшілік-іскерлік орталығында жапсарлас салынған үй жайлары мен паркингі бар заманауи зәулім үйлердің құрылысы биыл пайдалануға беріледі. Өмірзақ Естайұлының тапсырмасына сәйкес, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеті тұтастай ашық түсті травертин мен ақ мәрмәрмен қапталуда.
Түркістан қаласы әкімшілік-іскерлік орталығында 7,9 және 12 қабатты 5600 пәтер, не 89 тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бюджет есебінен салынуда. Жыл қортындысымен 7 қабатты 24 тұрғын, яғни, 1452 пәтерді пайдалануға беріледі. Кезекте тұрған әлеуметтік осал топтарға және көпбалалы отбасыларға 450 пәтер, мемлекеттік қызметкерлерге 1000-нан астам кредиттік тұрғын үй тапсырылады.

Қатысты жаңалықтар

Қазақстанда коронавируспен ауырған науқастарда асқынулар байқала бастады

azatmedia

Қазақ жеріндегі қасиетті рухани құндылықтар

azatmedia

Қазақстандағы діни жағдай

azatmedia

Пікір қалдыру