Қоғам

ШЫМКЕНТ: ҚАРАТАУ АУДАНЫНДАҒЫ ҮЙЛЕРДІҢ 80 ПАЙЫЗДАН АСТАМЫ МЕМЛЕКЕТТІК ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯСЫНА ҚОСЫЛҒАН

Бүгінгі таңда Қаратау ауданында 47 мыңнан астам тұрғын үй бар. Оның 80,8 пайызы мемлекеттік қуат көзіне қосылған. Ал, қалған 19,2 пайызы жекеменшік трансформатордан қуат алады екен. Қазір Қаратаудағы бірнеше шағынауданда электр желілерін тарту жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Нақтырақ айтар болсақ, Достық шағынауданындағы электр желілерінің құрылысына 2019 жылы бюджеттен 400 млн теңге қарастырылып, жұмысы басталған болатын. Биыл тағы 240,6 млн теңге бөлініп, электр бағаналары орнатылып жатыр. Жалпы жоба құны 848,1 млн теңгені құрайды. Мердігер «КазАльфаСтрой» компаниясы электр желісін келер жылдың қараша айында құрып бітіруі тиіс. Нәтижесінде, 47 км желі және 13 дана КТП орнатылатын болады.

Мұнан өзге, Тұран шағынауданында электр жарығы құрылысына биылдың өзінде 256,3 млн теңге қарастырылып, «АБМ Билдинг» ЖШС-ы тарапынан жұмыстары басталды. Жалпы құны 2 млрдтан асатын жоба 2021 жылы қараша айында қолданысқа беріледі.
Ал, Асар-2 шағынауданындағы электр желілерінің құрылысына 2019 жылы бюджеттен 700 млн теңге қарастырылған. Биыл болса, 474,8 млн теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары атқарылып жатыр. Құны 1 млрд-тан асатын қуат желісін «Ремстрой Алматы» компаниясы осы күзде салып бітуі қажет.

Мұнан бөлек, Қаратау ауданындағы Тассай, Азат, Қайтпас шағын аудандарында да электр бағаналарын орнату жұмыстары жүріп жатқанын айта кеткен жөн.

Қатысты жаңалықтар

Қазақстанда шомылу маусымында 239 адам суға кетіп көз жұмды

azatmedia

Балалардың жарақат алуының алдын алу

azatmedia

Нұр-Сұлтанда оқыс оқиға болды

azatmedia

Пікір қалдыру