Ақпарат

РЕЙД БАРЫСЫНДА 5 ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ АНЫҚТАЛДЫ

AzatMedia.  Әл-Фараби ауданы бойынша мобильді топ өкілдерінің бірлескен рейдтік іс-шарасы барасында орта және шағын кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты 5 құқық бұзушылық анықталды, деп жазады Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Azatmedia.kz ақпараттық агенттігі. Шымкент қаласы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің №25,26,27 Қаулыларында көрсетілген шектеулерді бұзып, азаматтарға қызмет көрсеткен.

Олар:
Шымкент қаласы, Республика даңғылы №1 үйде орналасқан «Полигон» компьютерлік ойын клубы;
Шымкент қаласы, Жангельдин көшесі №8/А үй жанында орналасқан «Арена» компьютерлік ойын клубы;
Шымкент қаласы, А.Байтұрсынов көшесінде орналасқан «Аян» азық-түлік дүкені;
Шымкент қаласы, Ташенов және Уалиханов көшесі қиылысында орналасқан «Оңаша» саунасы;
Шымкент қаласы, Ташенов және Мамедов көшесі қиылысында орналасқан «Roza Shym» гүлер дүкені.

Аталған кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты жинақталған іс-құжаттарды, ҚР ӘҚБтК-нің 425 бабына сәйкес әкімшілік шара көру үшін, Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау басқармасына жолданды.

#AzatMedia

Қатысты жаңалықтар

СОЗАҚТА ҚҰРЫЛЫС ЖӘНЕ АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛІП ЖАТЫР

azatmedia

ВЕТЕРИНАРИЯ САЛАСЫНЫҢ МАМАНДАРЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

azatmedia

САУРАНДА 10 МЫҢ БАСҚА АРНАЛҒАН МАЛ БОРДАҚЫЛАУ КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

azatmedia

Пікір қалдыру