AzatMedia. Жаз мезгілінде аптаған ыстықтың, сондай-ақ қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтамаудың салдарынан өрттің саны артып, шомылу кезінде қайғылы жағдайлар жиі орын алады. Сонымен бірге, балалардың жоғары қабаттан құлап кетіп, жарақат алу, тіпті қаза болу оқиғаларыда жиілеп кететіні белгілі.
Мұндай оқиғаларды болдырмаудың ең бірінші жолы ол-алдын алу. Бұл бағытта өрт сөндірушілер мен құтқарушылар тұрақты түрде жұмыстар жүргізуде. Осы орайда, «Отырар» телеарнасының «Халық және билік» бағдарламасында Қызмет бастығының орынбасары азаматтық қорғау подполковнигі Қ. Арсланов қонақта болды.
Бағдаламаның тікелей эфирінде көрермендерді өрт қауіпті кезеңдегі ахуалмен және шымкенттік өрт сөндірушілердің қызметімен таныстырып, өрт қауіпсіздік ережелерін, шомылу кезіндегі талаптарды еске салды. Ата-аналарды балаларды қараусыз қалдымауға шақырып, балаларға қатысты оқыс оқиғалардың басты себептерін атап өтті.
Осыған қатысты кеңестер берді. Тікелей эфирде қоңырау шалған көрермендердің толғандырған сұрақтарына жауап берді. Сонымен қатар, орын алған төтенше жағдайлар, оларды жою бойынша ресми ақпаратты алу үшін тек Төтенше жағдайлар депарментінің және Қызметтің әлеуметтік желідегі ресми парақшаларына жүгіну қажет екендігін ескертіп, ол парақшалар туралы мәліметті атап өтті.