Соңғы жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ МЕКЕМЕЛЕРІ ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚТЫ ЖҮРГІЗІП ЖАТЫР

Түркістан облысында өңір басшысы Нұралхан Көшеровтің тапсырмасымен білім беру ұйымдарын жылу маусымына дайындау мақсатында іс-шаралар жоспары бекітіліп, олар бойынша тиісті жұмыстар атқарылып жатыр. Жалпы 1310 білім беру нысанын гидравиликалық сығымдаудан өткізуге қаржы қаралып, тиісті жұмыстар жүріп жатыр.

Қатты отынмен жылытылатын 352 мектепке қажетті 73 101,5 мың тонна көмір сатып алу бойынша мердігерлер анықталып, келісімшарт түзілген. Келісімшартқа сәйкес қатты отындар 1 қыркүйекке дейін тасымалдады.

Мектептерге қажетті 3 667,4 тонна сұйық отын білім беру нысандарының сұйық отын сақтайтын қоймасының сыйымдылығына қарай жеткізіліп отырады.

Табиғи газбен 860 мекеме жылытылады. Осы мектептер жылу маусымы басталғанда автоматты түрде жылуға қосылады. Сонымен бірге қауіпсіз әрі тиімді жылу жүйесін қалыптастыру мақсатында 110 білім беру нысанын (82 мектеп, 26 балабақша, 2 мектептен тыс мекеме) табиғи газға ауыстыру қарастырылып жатыр.

Облыстың білім мекемелерінің жаңа оқу жылы мен жылыту маусымына дайындығы тұрақты бақылауда және осы бағыттағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда.

Қатысты жаңалықтар

«ШЫМКЕНТ МАЙ» КӘСІПОРЫНЫНЫҢ ЖҰМЫСШЫЛАРЫ ЖОЛДАУ ЖАЙЛЫ ОЙЛАРЫН ОРТАҒА САЛДЫ

azatmedia

Қазақстандағы көлік саласына жаңа талаптар енгізілмек

azatmedia

Real Estate News | High Home Prices Cause House Flippers To Pull Back

azatmedia