Соңғы жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ТӨРІНДЕ ШАҒАЛАЛЫ ШАРДАРАНЫҢ МӘДЕНИ КҮНІ ЖОҒАРЫ ДЕҢГЕЙДЕ ӨТТІ

Түркістан қаласындағы «Керуен сарай» туристік кешенінде облыстық «Өнерлі өлке» фестивалі аясында Шардара ауданының мәдени күндері жоғары деңгейде ұйымдастырылып, көпшілікке ерекше рухани әсер сыйлады.

Мерекелік іс-шара барысында Шардара ауданының тарихы, мәдениеті, салт-дәстүрі мен жетістіктері кеңінен насихатталды.

Алаңға биіктігі 6 метрді құрайтын алып сәукеле орнатылып, ол қала тұрғындары мен шетелдік туристердің ерекше қызығушылығын тудырды.

Сондай-ақ келушілерге эксклюзивті қолөнер бұйымдарының көрмесі мен шеберлік сағаттары ұсынылып, ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өткізіліп, арнайы концерттік бағдарлама көпшілік назарына ұсынылды. Өңірдің өткені мен бүгіні, тарихи мұрасы мен үздік жетістіктері кеңінен дәріптелді.

Іс-шара барысында Шардара ауданы әкімінің орынбасары Бейсенбай Төребеков фестиваль қонақтары мен туристерге ауданның туристік әлеуетін, тарихи орындарын және өңірдің даму бағыттарын таныстырып, Шардараның ерекшеліктері туралы кеңінен мәлімет берді.

Кешке өткен «Жайнай бер, шағалалы Шардара» атты гала-концерт мәдени күндердің шарықтау шегіне айналды. Концертте аудан өнерпаздары өз өнерлерін паш етіп, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Сонымен қатар елімізге танымал өнер тарланы, Шардараның мақтанышы, жерлесіміз Сырымбет Бибосыновтың қатысуы мерекенің сәнін келтіріп, көрермендерге ерекше көңіл-күй сыйлады.

Шардара ауданының мәдени күндері – өңірдің бай мәдениеті мен өнерін, ұлттық құндылықтарын кеңінен насихаттап, Түркістан төрінде шағалалы өлкенің мерейін асырған тағылымды іс-шара болды. Бабалар мұрасын дәріптеген бұл кеш көпшіліктің жадында жарқын әсер қалдырды.

Фестиваль аясында ұйымдастырылған шаралар Шардара ауданының туристік және мәдени әлеуетін кеңінен танытуға мүмкіндік берді. Келушілер өңірдің тарихымен танысып қана қоймай, ұлттық дәстүрлер мен заманауи өнердің үйлесімін тамашалауға мүмкіндік алды.

Мәдени күндер барысында қолөнер шеберлерінің еңбектері, ұлттық тағамдар мен жергілікті өнімдердің таныстырылуы ауданның өзіндік ерекшелігін айқындады. Мұндай шаралар ауылдық жерлердегі кәсіп иелерін қолдауға және дәстүрлі өнердің дамуына жаңа серпін береді.

Сонымен қатар, фестиваль түрлі өңірлерден келген қонақтар мен туристер арасындағы мәдени байланысты нығайтып, халықтың рухани құндылықтарға деген қызығушылығын арттырды. Ұлттық өнер мен салт-дәстүрді насихаттау арқылы жас ұрпаққа тарихи мұраны жеткізуге мүмкіндік жасалды. Жалпы, «Өнерлі өлке» фестивалі аясындағы Шардара ауданының мәдени күндері өңірдің шығармашылық әлеуетін көрсеткен, ел бірлігі мен мәдени сабақтастықты дәріптеген маңызды шаралардың бірі болды. Мұндай бастамалар Түркістан облысының мәдени туризмін дамытуға да айтарлықтай үлес қосуда.

Қатысты жаңалықтар

Тісті кімдер тегін емдете алады?

azatmedia

Бүгін Асқар Маминнің туған күні

azatmedia

ТҮРКІСТАН: КЕНТАУДА БАЛА ТӘРБИЕСІ ТАҚЫРЫБЫНДА КЕЛЕЛІ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

azatmedia